Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесу өткізді деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Кездесуге А. Есімовпен қатар, KCA International компаниясының жетекшісі Хуан Чю және «Сембол Констракшн» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ф.Таминдже қатысты. А. Есімов Елбасына көрме өтетін орындардың құрылысы мен оның алға басу шаралары туралы мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» алаңы мен көрме павильондарын пайдалану жайы сөз болды. KCA International басшысы Мемлекет президентіне ЭКСПО-2017 - Сфера көрмесі басты нысанынының маңызды концепцияларын таныстырды. "Сәулеті мен дизайнына байланысты және технология нысандарын құруды пайдалануда Сфера танымал ғимаратқа айналады. Біз ғимаратты Париждегі Эйфель мұнарасы немесе Сидней опера театры сияқты әлемдік бренд ретінде жасауды жоспарлап отырмыз", - деді Хуан Чю. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық көрменің негізгі белгілерінің бірі жаңа энергетика мүмкіндіктерін таныту екенін жеткізді. Сондай-ақ, идея Қазақстан павильондарында кеңінен көрсетуі керектігін айтты. Кездесу барысында Елбасы нақты тапсырмалар берді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024