Қазақстан президенті Н.Назарбаев халықты отандық тауарларды сатып алуға шақырды.
"Бүгінде үлкен ұйым болып, бизнесімізді басқарып отырған "Атамекенге" айтқым келеді. Біріншіден, ресейлік валюта құнсызданған кезде мықты бәсекелестік пайда болды, бірақ біздің бәсекеге қабілеттілігіміз төмен болды. Мен мұны қанша жыл айтып келемін? Еуразиялық интеграция пайда болады, дайындалыңдар деп. Барлық кәсіпкерлерді осы үлгіде дайындау қажет",-деді ол Астанада өткен "Нұр Отан" партиясының съездінде.
"Екіншіден, барлық сауда орталықтарында, дүкендерде ең көрінетін жерде "Қазақстанда жасалған" бөлімдерін құруды тапсырылды. Бұл кезекті науқан ғана емес, барлық қазақстандықтар үшін патриоттыққа негізделуі қажет. Бізде барлығы болғанын қалаймыз ба? Онда өзіміздікін пайдалану қажет. Біздікі экологиялық таза деп 100 пайыз кепілдік береміз. ДДСҰ-ның мәліметінше адам ағзасы үшін ең пайдалы өнім - туған жерден шыққан өнім", -деп атап өтті Н.Назарбаев.
Осыған дейін, ақпан айында Н.Назарбаев облыс әкімдеріне "Қазақстанда жасалған" акциясын өткізуді тапсырған еді. "Осындай қиын жағдайда барлық қазақстандықтарға патриот болып, отандық тауарларды алуды өтінейік. Әрі азаматтар тарапынан ел экономикасына деген көмек болады",- деген еді ол кезде президент.