Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Сабильянов: Мемлекет қаржысы бизнесті қолдау үшін жұмсалмау керек

Н.Сабильянов: Мемлекет қаржысы бизнесті қолдау үшін жұмсалмау керек

Депутат Нұртай Сабильянов премьер-министрге кәсіпкерлерді қолдау үшін мемлекет қаржысын жұмсауды тоқтату керек деген өтініш айтты, деп хабарлайды LS.

Депутаттың айтуынша, бюджет қаржысы тиімсіз пайдаланылуда. Қазіргі экономикалық қиын жағдайда бұған жол берілмеу керек.

"Көтерме-бөлшек қызметі, қонақ үй бизнесі, демалыс, ойын-сауық орындары саласындағы кәсіпкерлік түрлерін субсидиялауды тоқтату жұмыстарын қарастыруыңызды өтінеміз. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің мәселелі несиелерін субсидиялауды тоқтатқан жөн", - деді ол үкімет басшысына арнаған сөзіне.

Н. Сабильянов "Бизнестің жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасының кейбір бағыттары үшін жұмалған шығындарды оңтайландыру керек деген ұсыныс айтты. Сондай-ақ, мемлекеттік орган және "Даму" қорының қызметкерлері кәсіпкерлерге мемлкеттік кепіл мен субсидия беру кезінде жауапты істер атқару керек.

Депутат мемлекттік бағдарлама арқылы нашар жұмыс істеп жатқан кәсіпкерліктердің субсидияланғанын атап өтті. Оның мәлімдеуінше, "Бизнестің жол картасы -2020" бағдарламасы арқылы көтерме-бөлшек сауда ісі, қонақ үй бизнесі, ойын-сауық және демалыс орындары кәсіпкерлігі қаржыландырылған. "Осылардың ішінде 109 кәсіпкерлік нысан табыс салығын төлемеген және жұмыскерлердің жалақысын есептеп жазбаған. 700 кәспкерлік субъектілері тек бір жұмыскер үшін ғана табыс салығын төлеген", - деді ол.

Жалпы, екі жыл ішінде кәсіпкерлік үшін 48 млрд теңге субсидия бөлінген, 262 кәсіпкер 10 млрд көлемінде мемлекеттік кепілдік алған.

Бағдарлама аясында дағдарыстан кейінгі қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша 2011-2015 жылдары мемлекет бюджетінен 57 млрд теңге қаржы бөлінді. Н. Сабильяновтың айтуынша, 2016 жылы 10 млрд теңге бөлінбек. 2014 жылы 32 кәсіпкерлік нысан көтерме-бөлшек саудамен, жалға берумен және жылжымайтын мүлікті пайдаланумен айналысқан. "Осыдан сұрақ туындайды: осындай кәсіпкерлік орындары мемлекеттің өтеусіз қаржысын алып, несімен лайықты болды? Өкінішке орай, осының бәрі кәсіпкерлердің мемлекетке арқа сүйеуге икемделуіне алып келеді ", - деді депутат.

Фото: old.abai.kz

Похожие материалы