Алматы. 25 шілде. 7kun.kz - Алматы облысының Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында тұратын кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасауға қатысы бар күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
2016 жылы қазанда күдікті бір топ адаммен бірге шабуыл жасау кезінде кәсіпкердің үйінен зергерлік бұйымдар, оқ ататын қару және 4 миллион теңге алып кеткен. Оның сыбайластары қылмыстық оқиғаның ізі суымай ұсталған. Ал күдіктінің өзі бой тасалап жүрген. Алайда жақында өткен "Іздеу" операциясы кезінде Райымбек ауданы ІІБ қызметкерлері оны да қолға түсірген.
26 жастағы Шу қаласының тұрғынына қатысты ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі, ҚР ҚК 291-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жалғасуда.