Қазақстанда 2015 жылдың наурызында 2014 жылдың наурызымен салыстырғанда импортталған өнім бағасы 6,3%-ға, экспортталған өнімнің бағасы 19,5%-ға төмендеді деп хабарлайды Экономика министрлігінің статистика комитеті.
Статистика мәліметтеріне сүйенсек, импортталатын шикізат 10,2%-ға, экспортталатын шикізат 26%-ға арзандаған. Импортталған жартылай фабрикаттардың құны 13,9%-ға, экспортталатындарының бағасы 8,4%-ға төмендеген. Есептік кезеңде импортталатын дайын тауарлар 10,1%-ға, экспортталатын дайын тауарлар 19,6%-ға арзандапты. 2015 жылдың наурызында экспортталатын тауарлардың бағасы 2015 жылдың ақпанымен салыстырғанда 3,2%-ға төмендеген, ал импортталатын тауарлардың құны 0,6%-ға жоғарылады. Бір ай ішінде бірқатар экспорттық жеткізілімдердің құны төмендеген: мұнай - 16,5%, қорғасын - 16,2%, мұнай өнімдері - 12,8%, мыс - 3,4%, ферроқорытпалар - 1,6%, көмір - 1,5%; бағасы жоғарылаған өнімдер: қара металдан жасалған бұймыдар - 27,4%, газ конденсаты - 12,8%, табиғи газ - 10,4%, қара металл илегі - 8,1%. Бидай бағасы 11,1%-ға, арпа бағасы 0,1%-ға төмендесе, мақта бағасы 3,4%-ға жоғарылаған. Бірқатар импорттық жеткізілімдердің құны жоғарылаған: жеміс-жидектер мен жаңғақтар - 6,9%, шай - 5,8%, макарон бұйымдары - 2,4%, өсімдік майы - 1,9%; бағасы арзандаған тауарлар: қант - 7,9%, балық - 7,4%, күріш - 4%, дәрі-дәрмектер - 3,6%, көкөністер - 3,2%, құс еті - 2%, кофе - 1,3%, сүт өнімдері - 0,2%.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024