Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz — 2019 жылғы наурызда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 19,1 мыңға жетті. Жылдық өсім 14,1%-ды құрады. Мұндай деректерті ranking.kz ұсынды.
Салыстыру үшін: өткен жылдың наурыз айы 2014 жылғы наурыз айындағы дағдарыстан бері алғаш рет мәмілелер санының қысқаруымен есте қалды (бір жылда минус 4,6%).
Өткен жылдың екінші жартысында «7-20-25» бағдарламасын енгізу тұрғын үй нарығын қайта іске қосып, секторға жаңа серпін алып келді. 2018 жылдың қыркүйек-желтоқсанында тұрғын үй нарығындағы сатып алу-сату мәмілелерінің саны 14%-дан 19%-ға дейін өсті. Жылдық өсімнің жоғары қарқыны 2019-да сақталды: наурыздағы жоғары көрсеткіштен басқа қаңтарда 21,4%, ал ақпан айында 12,9% өсім байқалды.
Бұл ретте, қолжетімді кредиттік ресурстар есебінен нарықтағы белсенділіктің өсуіне тіпті тұрғын үй бағасының қысбаттауы кедергі болмаған. Мәселен, 2019 жылдың наурызында жаңа пәтерлерің шаршы метрі 278,2 мың теңге болды (жылына+5,8%).
Өңірлік бөліністе өсу қарқыны бойынша Алматы көш бастап келеді: бір жылда +65,4%, тұрғын үй нарығындағы мәміле саны - 3,59 мың.
Сондай-ақ, ТОП-3 қатарында Ақтөбе (жылына+31,1%, 1 мың сатып алу-сату мәмілелеріне дейін) және Солтүстік Қазақстан (жылына+24,8%, 623 мәмілеге дейін) облыстары бар.
Деректерге сәйкес, ҚР азаматтарының көпшілігі үшін жеке тұрғын үй сатып алудың жалғыз мүмкіндігі — ипотека. Сонымен қатар жеңілдікті ипотекалық бағдарламалар, оның ішінде«7-20-25» тиімді және қолжетімді.
Көрсеткіштер айқын: егер осы бағдарламаны іске қосқанға дейін ипотека көлемі бір жыл ішінде 9-10%-ға өскен болса (2017-2018 жылдары ақпан), ал 2019 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша секторда жылдық өсім бірден 22,5%-ды құрады. Ал ипотекалық портфель рекордтық 1,3 трлн теңгеге жетті.
Ипотекалық саланы дамытудың одан әрі болжамы да қолайлы: сектордағы кредит беру өсуді жалғастырады. Еске сала кетейік, «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламаларының операторы «Баспана» ипотекалық ұйымы мәліметтері бойынша, банктер қазақстандықтардан екі бағдарлама бойынша 200 млрд теңгеге өтінім қабылдады. Мақұлданған қарыз сомасы шамамен 115 млрд теңге.
Айта кетейкі, сәуір айының ортасына қарай серіктес банктер ипотекалық кредиттерді мақұлдау мен берудің ең жоғары қарқынына қол жеткізеді. Өткен аптада 8,3 млрд теңге сомасына несие мақұлданды, бұл бір жұмыс күні ішінде 1,7 млрд теңгені құрайды. Оның 5,2 млрд теңгесі - «Баспана Хит» бойынша, 3,1 млрд теңгесі - «7-20-25» бойынша.