Экономика
Наурызда қазақстандықтар дүкен мен базарларда 732 млрд теңге жұмсаған
Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz - Қазақстандықтар 2018 жылдың наурыз айында бөлшек саудаға 732 млрд теңге ұаржы жұмсады деп жазады ranking.kz.
Бұл ақпан айындағы көрсеткіштен 16 пайызға көп. Ақпанға қарағанда наурызда көп ақша жұмсалғанын мамандар, наурыз айындағы мерекелердің көптігі және наурыздың ақпаннан үш күнге көбірек екенімен түсіндірді.
Сондай-ақ, жылдық көрсетішпен салыстырғанда 2017 жылдың наурызына қарағанда 2018 жылы 13,7 пайызға көп сауда жасалған.
Қазақстандықтар арасында бөлшек саудаға ең көп қаржы жұмсағандар арасында алматылықтар көш бастап тұр. Алматы тұрғындары наурызда 218,5 млрд теңге, ал Астана халқы 86,6 млрд теңге жұмсаған.