Алматы. 16 сәуір. 7kun.kz - 2019 жылғы наурызда айлық инфляция 0,5% болды. Жылдық инфляция 4,8% деңгейінде сақталды, бұл 2019 жылға арналған 4-6% нысаналы дәліздің ортасына сәйкес келеді, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.
Сондай-ақ, 15 сәуірде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде төмендету туралы шешім қабылдады. Базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейі инфляция бойынша 2019 жылға арналған нысаналы бағдарға қол жеткізуге ықпал етеді.
Досаевтың айтуынша, валюта нарығындағы ахуал тұрақты. Айырбастау бағамы іргелі факторлардың әсерімен қалыптасуда. Дегенмен, теңгенің айырбастау бағамы аздап өзгерді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024