Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаев: Ақшаны қайтармағандармен басқаша сөйлесеміз

Назарбаев: Ақшаны қайтармағандармен басқаша сөйлесеміз

Астана. 6 желтоқсан. 7kun.kz - Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық компаниялардың шетелде ұстап отырған қаржысын қайтаруға қатысты арнайы заңнаманы әзірлеуді тапсырды. Аталған міндет Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді. 

"Осы уақытқа дейін біз ақшаны заңдастыруды үш рет өткіздік. Ешкімге тиіспейміз дедік. Бір адамды жауапқа тарттық па? Біреудің астын қазбаладық па? Жоқ, ешкімге тиіскен жоқпыз. Қазіргі жағдайда сіздер шекараның арғы жағында ұстап отырған ақшаларыңыздан айырыласыздар! Өздеріңіз сезіп жатқан боларсыз. Санкциялық соғыс қызып тұр. Ондайда сіздерге ешкім көмектесе алмайды. Ақшаны Қазақстанға қайтарыңдар да, осында ұстаңдар! Қандай кепілдік керек? Мен тиісті заңдарды да, жарлықтарды да шығарып беремін. Олай істемеймін десеңдер, біз өзіміз істейміз. Артынан реніш болмасын",-деді президент Индустрияландыру күніне арналған телекөпірде.

Қазақстандық компаниялардың шетелде қанша қаржы ұстап отырғанын да мәлімдеді.

"18 отандық компания 12,5 миллиард долларды шетелде ұстап отыр. "Теңізшевройл" - 4,5 миллиард доллар. "ҚазМұнайГаз" - үш миллиард доллар. "РД "ҚазМұнайГаз" - екі миллиард доллар. "Азиялық газ құбыры" - миллиард доллардан аса. "Бейнеу - Шымкент" газ құбыры - 100 миллион. Осылай кете береді",-деді Назарбаев.

"Осы орайда Мемлекет басшысы әрбір компания басшысымен жеке-жеке сөйлесуді тапсырды. Аталған міндет Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді. «Ақшаны қайтармаса, мен олармен басқаша сөйлесемін. Осыны бүкіл Қазақстанның алдында ескертіп қояйын. Біз ол ақшаны қайтарудың жолын табамыз",-деді мемлекет басшысы.

Похожие материалы