Астана. 30 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Қаржы министрлігіне үш жыл ішінде көлеңкелі экономиканың үлесін 40% қысқартуға тапсырма берді.
«Көлеңкелі айналымға қарсы күрес әлсіз, мысалға, біздің кедендік импортымыздың қытай жағынан айтарлықтай айырмашылығы бар, көлеңкелі экономиканың үлесін үш жылда кем дегенде 40%-ға қысқарту міндеті тұр», - деді Н.Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайыловқа.
«Шынында да, Қытаймен айырмашылық 6,9 млрд доллардықұрайды, оның ішінде 3,3 млрд доллар бұл Қазақстан мен басқа елдер арқылы өтетін транзит. Қытай оны Қазақстанға экспорт ретінде жазады, бұл Ресей-Қытай статистикасы бойынша мәліметтермен расталады», - деп жауап берді Қазақстан Қаржы министрлігінің басшысы.
«1 млрд доллар - бұл Қазақстанға тауарларды Қорғас арқылы әкелу және 2,6 млрд бұл шын мәнінде декларацияланатын құнды төмендету. Шамамен бюджет шығыны - жылына 206-205 млрд теңге. Қазір бұл мәселені кешенді түрде шешіп жатырмыз, біздің импортеріміз мәлімдегенге дейін экспорттық декларацияны электронды түрде алу үшін ҚХР-мен келіссөздер жүргіземіз», -деп толықтырды министр.
«Нәтиже шығар, бос сөз емес, нәтиже керек», - деп тапсырды президент.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024