Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz - Бүгін ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановты қабылдаған Президент Н.Назарбаев үш міндетті жүктеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бірінші, тиісті тетіктер қалыптастыру арқылы бюджет кірісін арттыру керек. Қажет болған жағдайда, шетелдік тәжірибе зерттелуге тиіс.
Екіншіден, мемлекеттік шығыстарды азайту керек.
Үшіншіден, бөлінген бюджетті тиімді пайдаланған жөн.
"Мемлекет үшін Қаржы министрі қызметінің тиімділігі оның осы функцияларды қалай атқаратынына тікелей байланысты. Негізінен, экономикадағы өсім Ұлттық қордың қаржысы есебінен қамтамасыз етілуде. Көптеген ұйымдар одан әрі игеру үшін қашан қаржы бөледі екен деп, қол жайып қарап отырады. Қаржы министрлігі бұл үдерісті шектеп, бақылауда ұстауға тиіс. Біз Ұлттық қорды ұлғайтуымыз қажет",-деді Президент.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024