Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқару құқығын беру ұсынылды, деп хабарлайды Интерфакс.
Мұндай шешім Мәжілісте ұсынылған ҚР Қауіпсіздік Кеңесі туралы заң жобасында қамтылған.
«Қазақстан Республикасының бірінші президенті - Елбасы Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқаруға құқылы», - делінген осы заң жобасының 4-бабының 2-тармағында.
Бұдан басқа, жоба Қауіпсіздік Кеңесінің мәртебесін консультативтік-кеңесші органнан конституциялық құрылымға өзгертуді көздейді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024