Астана. 12 сәуір. 7kun.kz - Ұлттық банктің жұмыс қорытындысын талқылау кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан банктерінің акционерлеріне ескерту айтты. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
"Мен Жолдауда ұлттық банкке еліміздің банк секторын сауықтыруға бағытталған шаралар қолдануды тапсырғанмын. Былтыр бір жыл бойы осыны айтып келдік. Енді жыл ортасына дейін созбақтап отырмыз, бұл жұмысты жеделту қажет. Қажет болса, банк акционерлері капиталдарын арттырсын", - деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы бұл шаралардың әлсіз банктерді күшейтуге бағытталуы керектігін атап өтті.
"Барлық акционерлерге айтарым: ақша құйып, ұлттық банкпен бірге түзелгілерің келмесе, лицензияны тартып алу құқығын береміз. Ұсақ банктер бірі-бірімен қосылу керек немесе қаржы құю керек. Ол банктердің иелерінің бұған жағдайлары жетеді. Банк иеленгісі келсе, ақша құйсын. Енді үкімет қаржыландырмайды. Бес-алты банкпен шектелеміз. 36-40 банктің керегі жоқ", - деді Назарбаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024