Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев оқушылардан бастап зейнеткерлерге дейін барлық қазақстандықтар жаңа технологияны меңгеруі тиіс деп есептейді.
"Аамдардың мүмкіндіктерін артыру өте маңызды. Біз қазір бұл жерде жоғары табыстарды айтып жатырмыз, алысқа кетпейін мысалы Қазақстан мен Ресей халқы бұл туралы біледі ме? Жоқ. Тіпті біздің еңгізгелі жаңа технологияларды пайдалануды да үйрету керек", - деп атап өтті Назарбаев.
Сонымен қатар, ол смартфондарды да дұрыс пайдалана білу қажеттігін ескертті."Смартфондарды пайдалануды үйрету керек. Сондықтан бұл тұрғыда атқрылатын жұмыс көп. Көп айту керек, көп түсіндіру керек, көп үйрету керек", - деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен республикалық кеңес барысында.
"Барлығы ненің не екенін үйренуі тиіс. Өмір бойы білім алу керек. Университетті бітіріп, дипломды қалтаға сала салып жүре берген кездер болған. Қазір заман басқа. Адамдар табиғатынан адаптацияға жақын. Менің ойымша, қазақстандықтар тіпті барлық нәрсеге бейімделгіш. Барлығы қазақстандықтардың математика мен физикадан мүмкіндіктері жоғары екенін айтады. Олар көптеген олмпиадаларда жеңіске жетіп жатыр. Сондықтан, компаниялар өз қызметкерлерін дайындау мен білім алуға инвестиция құю үшін, соған лайық жағдай жасау керек", - деп атап өтті ол.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024