Экономика
Назарбаев банк секторын сауықтыруға Ұлттық қордан триллион теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды
Астана. 3 наурыз. 7kun.kz — Президент Нұрсұлтан Назарбаев банк секторын сауықтыру үшін Ұлттық қордан ақша бөлу туралы қаулыға қол қойды. Құжат ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі «Әділет» порталында жарияланды.
«Қаулы етемін: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан банк секторын сауықтыру үшін республикалық бюджетке 2017 жылға 1 (бір) триллион 92 (тоқсан екі) миллиард 941 (тоғыз жүз қырық бір) миллион 288 (екі жүз сексен сегіз) мың 400 (төрт жүз) теңге бөлу», — делінген ҚР Президентінің қаулысында.
Сондай-ақ, құжатта қаулының оған қол қойылған күннен бастап жүзеге асырылатыны айтылады.
Айта кетейік, ақпан айының ортасында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Олег Смоляков үкіметтегілердің банктегі несиелердің проблемасын шешу үшін екі триллион теңге бөлу туралы шешімін айтқан болатын. Ал қаңтар айының соңында Қазақстан Президенті жыл сайынғы Жолдауында еліміздегі қаржы секторы жұмысын сауықтыру қажеттігін айтқан еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024