Экономика
Назарбаев: Біз сот жүйесіндегі реформаны заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін жүргізудеміз
Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz - Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот кеңесінің сот төрелігінің сапасын арттыруды қамтамасыз ету мақсатымен мамандарды іріктеу жөнінде атқарып жатқан жұмысына тоқталды.
«Біз сот жүйесіндегі реформаны заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін жүргізудеміз. Сот кадрларын іріктеуді әділетті жүргізу үшін біз дербес Жоғарғы Сот кеңесін құрдық. Ол тәуелсіз және ешкімге бағынбайды», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Президенттің айтуынша, жаңадан тағайындалатын кадрлар тек әділ шешім шығаруы керек.
«Бұл кадрларды іріктеудің сапасын арттыруға тиіс. Тек әділ шешім қабылдайтындарды тағайындау керек. Адамдар сонда ғана өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінетін болады», — деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Анатолий Смолин Нұрсұлтан Назарбаевқа атқарып жатқан қызметінің, соның ішінде президенттің Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын іске асыру, сондай-ақ құқық қорғау қызметін реформалау аясында құрылған тергеу соттарының құрамын қалыптастыру барысындағы қызметінің перспективті бағыттары жөнінде баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан президенті бірқатар нақты тапсырма берді.