Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz - Мемлекет басшысы кездесу барысында DIFC қызметімен және орталықтың бұдан әрі қарай даму перспективасымен танысты.
Қазақстан Президентіне Дубай халықаралық қаржы орталығы құрылған кезеңнен бері оның Дубай қаласының ішкі жалпы өніміне қосқан үлесі 8 пайызға жеткені туралы мәлімет берілді.
Нұрсұлтан Назарбаев Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысын ұйымдастыру барысында біздің еліміз Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесін зерттеп, қолданып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, орталықтың жұмысын одан әрі тиімді жүргізу мақсатымен бірқатар шаралар іске асырылғанын айтты.
Қазақстан Президенті Астана орталығы базасында құрылатын Еуразия аймағындағы жетекші қаржы құрылымы ретінде Астана халықаралық қаржы орталығын дамыту жөніндегі өз ойларын ортаға салды. Келіссөз соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелері мен одан әрі даму перспективаларын талқылады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024