Экономика
IT, Технология
Регионы
Назарбаев инновациялық технологиялар негізінде балама экономика құруға шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысындағы іссапары барысында Тараз химия-технологиялық колледжінде болып, Еуропа пен Азияның технологиялар мен қайта өңдеу салаларының арқасында дамып жатқан жетекші елдерінің мысалында балама экономика құрудың маңыздылығы жөнінде атап өтті. Бұл туралы президенттің баспасөз-қызметі хабарлады.
"Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы бес жылында 770 кәсіпорын салынды, тек осы жылдың өзінде ғана 75 нысан пайдалануға берілді. Инновациялық технологиялардың дамуына ерекше көңіл бөлінетін болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Оның айтуынша, тараздық колледждің негізінде қуатты техникалық кластер дамып келеді.
"Елімізге өндіру, сонждай-ақ қайта өңдеу салаларында жұмыс істей алатын инженер-химиктер, білікті кадрлар керек", - деп атап өтті президент.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025