Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Ұлттық банктің 2017 жылы атқарған жұмысының қорытындысы жөніндегі есебі ұсынылды, деп хабарлайды Ақорда.
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Елбасыға банктің қазіргі қызметі, ақша-несие саясатының басты бағыттары, сондай-ақ еліміздің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады.
Ақышевтің есебіне сәйкес, 2017 жылы инфляция деңгейі 7,1 пайызды құрап, жыл соңында алтын-валюта қорының көлемі 30,7 млрд АҚШ долларына жеткен.
"Қаңтар айында ахуал одан да жақсара түсті. Банк резервтері тағы 3 пайызға өсіп, 31,7 млрд АҚШ долларына жетті. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 58,3 млрд АҚШ долларын құрады. 2018 жылғы қаңтарда инфляция деңгейі 0,6 пайыз болды. Бұл біздің биылға белгілеген – бестен жеті пайызға дейінгі аралықтағы жаңа өлшемімізге еніп отыр", – деді Д.Ақышев.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!