Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлау үміткерлеріне қойылатын конституциялық талаптарға сай екендігі туралы мәлімдеді.
Сәйкес қаулыны ОСК сәрсенбі күні кешке өткен отырыста қабылдады.
11 наурыз, сәрсенбі күні "Нұр Отан" партиясының кезекті съезінде партия Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын президенттік сайлауға ұсынды, кейінірек үміткердің қажетті құжаттары ОСК-ға тапсырылды.
Тіл комиссиясының отырысында Н.Назарбаев мемлекеттік тілді меңгеру бойынша емтиханды сәтті тапсырып шықты.
Сондай-ақ, Н.Назарбаевқа үміткерлігін қолдау үшін қол жинауға арналған парақшалар берілді.
Қазақстан президенттігінен үміткер кем дегенде 93 мың 12 қол жинау керек. Сайлау 26 ссәуірде өтеді.