Астана. 26 қазан. 7kun.kz - Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пен Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасы қызу талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапқанын айтты.
"Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет. Комиссия жұмысын аяқтады. Соңғы нұсқа жарияланды. Ғалымдар, тілтанушылар, саясаткерлер, жастар және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ортақ мәмілеге келді. Жалпы, қоғам қолдап отыр, – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліпбиін латын қарпіне кезең-кезеңмен және жүйелі түрде көшірудің маңыздылығына назар аударды.
Айта кетейік, кездесуде Президентке мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының атқарған қызметі туралы баяндалды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024