Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаев Тоқаевты жеңісімен құттықтады

Назарбаев Тоқаевты жеңісімен құттықтады

Астана. 21 қараша. 7kun.kz – ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Қазақстан Республикасының президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Сізді Қазақстан республикасының президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын! Бұл – Мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі», – делінген құттықтауда.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіне тілектес екенін айтты.

Похожие материалы