Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаев университетінің студенттеріне автожол мамандықтары насихатталды

Назарбаев университетінің студенттеріне автожол мамандықтары насихатталды

Астана. 21 қараша. 7kun.kz - «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Бас директоры Замир Сағынов Назарбаев Университетінің "Құрылыс және экологиялық инженерия" факультетінің 3-4 курс студенттерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Кездесудің мақсаты - автожол мамандығын насихаттау, ЖАҰСО-да өндірістік ақылы практикаға үздік оқушыларды тарту, автожол саласындағы жұмысқа бейімдеу.

Замир Садықұлының өз таныстыруында кәсіпорнының жұмысы және сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары туралы, ЖАҰСО-дағы жас мамандар үшін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен мансаптық өсу туралы (ЖАҰСО-дағы жас маманның айлығы +400 мың тг. басталады) айтып кетті. Студенттер жолшымен автомобиль жолдарында қолданылатын инновациялық технологияларды талқылады. Мысалы, Замир Сағынов Назарбаев Университетінің ғылыми кеңесшілерімен бірлесіп жүргізіліп жатқан әлемдегі ең озық технологиялардың бірі Superpave (СуперАсфальт) әдісін енгізу жұмыстары туралы айтып берді.

Іс-шара аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды. Болашақ инженерлер мен құрылысшылар көптеген сұрақтар қойып, жауап та алды. Атап айтқанда, Ұлттық сапа орталығына жұмысқа орналасу және ақылы өндірістік практика туралы (ай сайын +80 мың тг.) орталықтың цифрлық жобалары туралы: КazRoadLab - ЖҚМ сынақтарын жүргізу процестерін автоматтандыру жүйесі; InfoZhol - автожол құрылысы саласындағы барлық нормативтік-техникалық құжаттарды қамтитын бағдарламалық өнім; DorSmeta - автожол жобалары бойынша ресурстық әдіспен сметалық есеп жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету; SRDS – жер жабындарының ақауларын автоматты түрде тану жүйесі.

Похожие материалы