Алматы. 6 маусым. 7kun.kz – Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Елбасыға «Құрметті сенатор» белгісі мен куәлігін тапсырды.
«Бүгін Сенат тарихында тағы бір ерекше күн - өткен отырыста депутаттар Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Құрметті сенатор мәртебесін беру туралы тарихи шешім қабылдады», - деді Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Нұрсұлтан Назарбаевты 6 маусымда марапаттай отырып.
Палата спикерінің айтуынша, Назарбаев бірнеше себептермен аталған мәртебеге ие болды.
«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бұл біздің мемлекеттілігіміздің іргетасын құрудағы, бүкіл әлемде танылған елдің стратегиялық даму жолын анықтаудағы сіздің еңбегіңіздің танылуы. Қос палаталы Парламентті қалыптастыруда сіздің жасампаздық үлесіңіз бен кәсібилігіңіз үшін мұны сенаторлардың сізге деген үлкен құрметінің белгісі ретінде қабыл алыңыз», - деді Назарбаева.
30 мамырда Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚР құрметті сенаторы мәртебесін беру туралы бірауыздан шешім қабылдады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024