Назарбаевтың отбасы мүшелерін жауапқа тартуға бола ма – министр жауап берді
Алматы. 13 қаңтар. 7kun.kz – Әділет министрі Азамат Есқараев Елбасы туралы конституциялық заң жойылғаннан кейін Нұрсұлтан Назарабевтың жақын туыстарын қылмыстық жауапкершілікке тартуға бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Бұрынғы президент үшін қол сұға алмаушылықтың барлық кепілдіктері сақталады. Тұңғыш Президенттiң ар-намыс пен қадiр-қасиетіне ешкім қол сұға алмайды. Сондай-ақ бұл заңмен қудаланады», – деді министр.
Оның айтуынша, экс-президентке берілетін кепілдіктер оның отбасы мүшелеріне қатысты емес.
«Бұл отбасы мүшелеріне қатысты емес, тек оған ғана қатысты», – деді Есқараев.
Айта кетейік, 13 қаңтарда парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Енді құжатқа президент қол қоюы керек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024