Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz – Несие нарығы туралап қалды, алайда өндіріс саласына несиелер берілуде, деп хабарлайды energyprom.kz.
Бүгінде өндіріс саласының қарыз қоржыны бір жылда 4 % артты. Ал, қайта өңдеу саласы өндірістік несие қоржынының 70% астам бөлігін қамтып отыр.
Өндірісті несиелеу көлемі жылына 3,8%-ға артып, 2018 жылдың шілде айының соңына қарай 1,8 трлн теңгеден асып жығылды. Жалпы, еліміз бойынша қарыз қоржыны бір жылда 1% артты.
Осыдан бір жыл бұрын сәйкесінше кезеңде салаға берілген қарыз көлемі 10%-ға артқаны байқалған болатын. Несие қоржынындағы өндірістің үлесі соңғы жылдары 13,9% -дан 14,2%-ға дейін өсті.
Ал, өндірісті несиелеу қоржынының екіден үш бөлігі қайта өңдеу саласына тиесілі - 70,6% немесе 1,3 трлн теңге, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,6% артық.
Тау-кен өндірісі саласына 16,7% немесе 305,7 млрд теңге, өзге салаларға (электрэнергетика, сумен қамтамасыз ету және т.б.) 12,6% немесе 230,7 млрд теңге тиесілі.
Қайта өңдеу саласын несиелеу сегментінде өсім металлургия өндірісі мен дайын металл өнімдерді өндіру салаларында тіркелген - 44,7% немесе 322 млрд теңгеге дейін.
Содан соң, машинақұрылысы - өсім 15,6% немесе 205,1 млрд теңге. Үздік үштікті рәзіңке немесе пластмас өнімдері қорытындылады – өсім 11,9% немесе 43,1 млрд теңгеге дейін.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024