Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Үндістан еліміздің дәрі-дәрмек саласына инвестиция салады

Үндістан еліміздің дәрі-дәрмек саласына инвестиция салады

Алматы. 19 қараша. 7 kun.kz - Үндістанның RV Healthcare компаниясы Қазақстандық фармацевтика саласына салынған инвестиция көлемін 30 миллион долларға дейін арттырады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.

Қаражат Қазақстанда дәрі-дәрмектердің жаңа өндірісін құруға бағытталатын болады.

Мұндай жоспарлар Нью-Делиде (Үндістан астанасы) өткен Қазақстан-Үнді инвестициялық форумы кезіндегі келіссөздер барысында айтылды. Қазірдің өзінде компания дәрі-дәрмектің бес түрін өндіруге кіріскен.

Сондай-ақ, ведомство NTPC, Shalimar valves, CG group, Artemis hospitals, Venky ' s құс фабрикасы және басқа да ірі үнді компанияларымен B2B-кездесулері барысында бірқатар келісімдерге қол жеткізілгенін айтты.

"Қазіргі уақытта Қазақстан мен Үндістан ғарыштық, әскери-техникалық ынтымақтастық, IT, Fintech, мұнай-газ, банк және т.б. сияқты кең ауқымды салаларда бірлесіп жұмыстар атқаруда. Пенджаб Ұлттық Банкі (49%) акционері болып табылатын Tengri Bank (Алматы) соңғы екі жылда үнді компанияларының 80-нен астам шотын ашты. Қазақстан Үндістанға уранды негізгі жеткізуші болып табылады. Қазіргі таңда , екі елдің тауар айналымы шамамен 1 млрд $ құрайды", - деп атап өтті СІМ.

Похожие материалы