Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Үндістан үкіметі электронды темекіге дереу тыйым салатынын жариялады. Қаржы министрі Нирмала Ситхараман бұл шара өндіріс, импорт, экспорт, тасымалдау, өткізу, тарату, құрылғыны сақтау, сондай-ақ вейп жарнамасына қатысты екенін атап өтті.
«Бұл шешім электронды темекінің бүгінгі жастарға тигізетін әсерін ескере отырып қабылданады», — деп хабарлады министрлікте. Шенеунік АҚШ-тың орта мектептерінің оқушылары арасында электрондық темекі қолданудың өсуі 48,5%-ды құраған американдық статистикаға сілтеме жасады.
Үндістанда 106 млн ересек темекі шегушілер бар. Бұл ретте, тиым салу электронды темекі өндіру жөніндегі компаниялардың жабылуына алып келуі мүмкін екеніне қарамастан, темекі корпорациялары өз қызметін жалғастырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, жылына 1 млн үнділік шылымның кесірінен қайтыс болады.
Электрондық темекіге тиым салу Парламенттің ресми мақұлдауын талап етеді. Заң қабылданған жағдайда, бұзушылық үшін жаза ретінде бір жылға дейінгі мерзімге түрмеге қамау және 100 000 рупий (1405 доллар) айыппұл салынады.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024