Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Негізгі капиталға салынған инвестиция 5,8%-ға артты

Негізгі капиталға салынған инвестиция 5,8%-ға артты

Алматы. 24 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар өсуде, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.

2017 жылы еліміздің экономикасына 8770,6 млрд теңге қаражат жұмсалды, бұл 2016 жылғы деңгейден 5,8% - ға жоғары.

2017 жылы машиналар, жабдықтар, көлік құралдар, саймандарды алуға және олардың күрделі жөндеуіне 2694,6 млрд.теңге бағытталған, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 16,3%-ға жоғары.

Инвестициялау үшін басым салалар  кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (33,8%), көлік және қоймалау (14,4%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (12,9%) және өндеу өнеркәсібі (10,9%) болып табылады.

Похожие материалы