Петропавл. 23 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылғы қаңтар-маусымда Солтүстік Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 8,1 пайызға, өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 5,2 пайызға, бөлшек сауда көлемі – 3,5 пайызға, тұрғын үй енгізу – 32,1 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімін шығару көлемі - 1,9 пйаызға ұлғайды. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Статистика комитетінің мәліметі бойынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2017 жылдың қаңтар-шілдесінде 78 млрд теңгені құрады. Шаруашылық жүргізетін субъектілердің меншікті қаражаты негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың басым көзі (60%) болды, оның көлемі 46,8 млрд теңгені құрады.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 41,5 пайыз, өнеркәсіп – 18,8 пайыз, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет – 14,3 пайызды құрады. 2017 жылдың алғашқы 5 айында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндірістер, үй шаруашылықтары секторын қоса) қолданыстағы бағада 122,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өндірісі құрылымының 68,4 пайызын алатын өңдеу өнеркәсібінде 83,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді.
Соныме қатар, биыл ірімшік және сүзбе өндірісі – 18,3%, ет және тағамдық қосымша өнімдер өндіру – 12,8%, кептірілген нан және печенье; ұзақ сақталатын кондитерлік өнімдер және пирожныйлар – 10,7%, майда тартылған ұн – 5,8%, сары май – 4,6% ұлғайды. Машина жасаудың өндіріс көлемі – 2,3 есе, жеңіл өнеркәсіп – 1,7 есе, машиналар мен жабдықтан басқа дайын металл бұйымдарын жасау – 1,4 есе өсті.
Бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар шығару және ас үй жиһазын жасау 1,6 есе ұлғайды. Барлық меншік нысанындағы құрылыс-монтаж ұйымдарының өз күшімен 18,6 млрд теңгенің мердігерлік жұмыстары орындалды.
Саудамен айналысатын кәсіпорындармен тауарларды бөлшек саудада өткізу 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 23,8 пайызға өсті. 2017 жылғы қаңтар-шілдедегі көтерме сауда көлемі 135,3 млрд теңгені құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024