Экономика
Экономика1
Ұ. Қарабалин: Негізсіз бензин бағасын көтергені үшін жанар-жағармай бекеттері жазаланады
Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті бензин бағасын негізсіз көтергені үшін жанар- жағармай бекеттеріне жазалау шараларын қолданады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.
"Мемлекет бензин бағасын реттемейді, ал монополияға қарсы және басқа комитеттер көтерме сауда бағаларын, олардың шығыны мен қандай айырма болып жатқанын бақылап отырады. Егер негізсіз түрде баға көтерілсе, тұтынушылар атынан санкциялар қолданылады",-деді Ұ.Қарабалин.
Оның пікірінше, бензин тапшылығы болмайды. Дегенмен де, "нарықтың қаншалықты құбылатындығын білмейміз" деп атап өтті.
2015 жылдың қыркүйек айының басында Қазақстан үкіметі АИ-92/93 бағаларын реттеуден бас тартты. Осыдан кейін бұл маркадағы бензин бағамы 1 литрге қарасты 108-ден 125-130 теңгеге дейін жетті.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024