Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «ICMP Dinatron» компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Кәсіпкерлер аймақтағы "Ертіс химия-металлургиялық зауытының" қайта жөнделуіне, дамуына және пайдалануға берілгеніне қызығушылық танытып отыр деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
"Біз сіздерді Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында қолдаймыз. Толық "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ аясында талқылаймыз. Қазір сіздерден арнайы жоспар құруды өтінеміз, біз шара қабылдайтын боламыз", - деп атап өтті Даниал Ахметов келіссөздер кезінде. "Біз зауытты қарап үлгердік. Біздің мақсатымыз үлкен. Алғашқы кезеңде жобаға 52 млн еуро салуға, ортамерзімді перспективада 300 млн еуро салуға дайынбыз. 250 адамды жұмысқа аламыз",- деп мәлімдеді неміс компаниясының басқарма басшысы Эрих Швагер. Зауыт шығаратын негізгі өнім түрі - ниобий. Ол Қытайда, Ресейде және Еуропа өте сұранысқа ие. 2008 жылдың ақпанынан бастап шикізат сатып алуға қаржы болмағандықтан зауыттағы өндіріс тоқтап қалды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024