Алматы. 2 қараша. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасы 16,4%-ға жоғарылады. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде – 24,6%, өңдеу өнеркәсібінде 7,5%-ға жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнім – 17,2%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 7,5%-ға қымбаттады.
Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы мұнайға - 28,5%, дизель отынына - 23,9%, мазутқа - 20%, табиғи газға - 12,4%, көмірге - 10%, металл кендеріне - 2,8%, бензинге 1,8%-ға жоғарылады.
Бағаның ферроқорытпаларға - 19%, қара металдар илегіне - 18,2%-ға жоғарылауы, олардың қорғасынға - 10,9%, мырышқа 9,3%, мысқа 1,7%-ға төмендеуі тіркелді.
Өндірушілер бағасының күрішке - 18,9%, өсімдік майына - 8,2%, шайға - 7,3%, бидай ұнына - 4,5%, қара бидай ұнына - 3,8%, балыққа - 3,5%, құс етіне - 2,9%, мал етіне - 2,6%, сүт өнімдеріне - 2,5%, нанға 0,9%-ға жоғарылауы, олардың жармаларға - 1%, макарон өнімдеріне 0,4%-ға төмендеуі байқалды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024