Алматы. 22 желтоқсан. 7kun.kz - Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова оқу үрдісі тұрғысынан бұқаралық кәсіпкерліктің жүзеге асырылуы туралы баяндап берді.
2017 жылдың өзінде Өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 21,1 мың адам оқып жатыр. "Жалпы алғанда, 5 жыл ішінде 106 мыңға жуық адамды оқыту жоспарланып отыр. 2017 жылы бағдарламаны іске асыруға 4,7 млрд теңге бөлінді. Білім алушылар 271 мамандық бойынша бөлінген. Мәселен, «сервис және қызмет көрсету» мамандығы бойынша шамамен 30%, ауыл шаруашылығы және құрылыс саласы бойынша – 13%, көлік саласында – 19% оқытылып жатыр", — деді Бибігүл Асылова. Вице-министр білім беру бағдарламалары толығымен қайта қаралып, қайтадан бекітілгенін атап өтті. Жаңа модульдік бағдарламалар жұмыс берушілердің, «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен әзірленді. Аталған бағдарламалардың мәні – олар тәжірибеге бағдарланған, икемді, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024