Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Nintendo мен Universal компаниялары ойын-сауық паркін ашады

Nintendo мен Universal компаниялары ойын-сауық паркін ашады

Жапондық Nintendo компаниясы Universal компаниясымен бірігіп ойын-сауық паркін құру туралы келісімге келді. Бұл паркте Nintendo шығарған танымал видеоойындардың кейіпкерлері пайдаланылады.

Болашақ парктің концепциясын құруға екі компанияның да креативті командалары ақылдасып жұмы істеуде. Атракциондар Nintendo-ның ең танымал ойын серияларының стилі мен концепциясын сәйкес жасалады деп жоспарланып отыр, бірақ нақты қайсылары екені әзірше белгісіз. Сонымен атар онда Universal ойын-сауық құрылыстары тұрғызылады. Ойын-сауық паркі толығымен "Нинтендоленд" деп аталмайды. Nintendo бейнелерімен парктің тек бір бөлігі ғана безендіріледі. Бұл туралы алғашқы рет бес жыл бұрын сөз қозғалған еді. Сонда, 2010 жылы компания басшысы Сатору Ивата бұл идея директорлар кеңесінде талқыланғанын айтқан болатын.

Похожие материалы