Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өңірлерді дамытуға 1,3 трлн теңге бөлінуі мүмкін

Өңірлерді дамытуға 1,3 трлн теңге бөлінуі мүмкін

Алматы. 03 желтоқсан. 7kun.kz - Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов "Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы туралы" баяндады. Бұл мақсаттарға 1,3 трлн теңге бөлу жоспарланған.

"Оның ішінде ауылдарды дамытуға 2026 жылға дейін 900 млрд теңге бөлу туралы қосымша мәселе қарастырылып жатыр", - деді министр Үкімет отырысында.

Өңірлерді дамыту бағдарламасын іске асыру есебінен урбанизация деңгейін 62%-ға дейін жеткізу, халықтың нақты ақшалай табысын 25%-ға арттыру жоспарланып отыр.

«Урбанизация ЖІӨ-нің қосымша 0,52% өсуіне мүмкіндік береді. Өңірлік сәйкессіздік қысқарады. Халықтың нақты ақшалай табысы 25%-ға өседі. Бағдарламаның басты нәтижесі - қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда тұратын азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ресурстар мен инфрақұрылымды шоғырландыру ел экономикасының өсуін күшейтеді", - деп атап өтті ол.

Руслан Даленовтың айтуынша, басымдық критерийлері инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандардың арасында анықталады.

"Инновациялық технологиялар дамитын болады. Ауылдарда 7 миллионға жуық ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы жақсарады. Адамдар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Ауылдардың аудан және облыс орталықтарымен көліктік байланысы жақсартылады. Өңірлік стандарттар жүйесі арқылы қалалар мен ауылдарды дамыту процесін жүйелендіру халықтың өмір сүру жағдайын сапалы жақсартуға мүмкіндік береді", - дедә министр.

Похожие материалы