Алматы. 8 қараша. 7kun.kz — Нью-Йорк соты АҚШ президенті Дональд Трампқа өзінің қайырымдылық қорын саяси мақсатта пайдаланғаны үшін коммерциялық емес ұйымдарға 2 млн доллар төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды CNN.
Талап-арызды 2018 жылдың жазында штаттың прокуроры берді. Онда Трамп пен оның үш баласы Donald J. Trump Foundation қайырымдылық қорының жеңілдетілген салық мәртебесін асыра пайдаланып, сайлау науқанын қаржыландыру туралы заңды бұзды деп айыпталған. Трамп отбасы АҚШ президентінің іскерлік және саяси мүдделеріне қызмет көрсету үшін қорды "чек кітапшасы ретінде" пайдалануға мүмкіндік берді.
Негізгі талаптардың бірі қордың 2016 жылы Айова штатынан қаражат жинауға қатысуымен байланысты. Прокурор жиналған қаржы Трамптың сайлауалды науқанына жұмсалғандығын айып деп есептейді.
Желтоқсан айында Нью-Йорк штатының прокуроры Барбара Андервуд Трамп өзінің қайырымдылық қорын жабуға келісті деп хабарлады. Оның қалған активтері басқа коммерциялық емес ұйымдар арасында бөлінді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024