Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ноғаев: Атырауда бензин тапшылығы жоқ

Ноғаев: Атырауда бензин тапшылығы жоқ

Астана. 20 қазан. 7kun.kz - ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев облыста бензин тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді.

Облыс әкімінің сөзінше, қазіргі уақытта Атырау мұнай өңдеу зауыты штатты режимде жұмыс істеп жатыр. Күніне 2,4 мың тонна АИ-92 маркалы бензинін өндіреді.

"Атырау мұнай өңдеу зауытынан бөлек өңірлерге бензин басқа да компаниялар арқылы жеткізіліп жатыр. Облыста бензин жеткізуші 22 компания мен 103 жанармай құю бекеті бар" - дейді Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар, ол облыста АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 151 мен 158 теңге аралығында құбылып тұрғанын айтады.

Похожие материалы