Экономика
Нөкісте мыңдаған адам жарақат алды – Қарақалпақстанның Денсаулық сақтау министрлігі
Әлем. 4 шілде. 7kun.kz – Қарақалпақстан астанасы Нөкіс қаласында Өзбекстан Конституциясына енгізілген өзгертулерге қарсы наразылық шеруінен кейін мыңдаған адам ауруханаға түсті. Бұл туралы автономиялы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Сұлтанбек Зияев мәлімдеді.
«Мыңдаған жаралы адам ауруханаға жеткізіліп, емделуде. Оларға медициналық көмек көрсетілді», – деді ол Daryo басылымына.
Айта кетейік, 1 шілдеде жергілікті билік Қарақалпақстандағы жағдай тұрақтанғанын хабарлаған. Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында қаза болғандар туралы нақты ақпарат жарияламады.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024