Экономика
IT, Технология
Номерді өзгертпей операторды ауыстыру технологиясы 2016 жылдан бастап іске қосылады
Қазақстандағы абонентке номерін ауыстырмастан басқа ұялы байланыс операторына ауысуға мүмкіндік беретін Mobile Number Portability (MNP) технологиясы 2016 жылдың басында қолжетімді болады. Бұл туралы Теле2 Қазақстан басқарма басшысы Пиетари Кивикко мәлімдеді.
"Осы жылдың басты өзгерісі "ұялы құлдық" төңірегінде болмақ. Осыған дейін Қазақстандағы "ұялы құлдық" 2015 жылдың шілдесінен бастап кері шегеріледі деп хабарланған еді. Бірақ, өзгеріс енгізілген жоқ, бұл жайт бізді алаңдатып отыр", - деді П.Кивикко Астанадағы баспасөз мәслихаты кезінде. Оның сөзінше, қазіргі уақытта заң жобасы мәжілісте қарастырылып жатыр және "белгілі бір себеппен" тоқтап тұр. "Қазір демалыс біткеннен кейін парламент заң жобасын екі палатада да талқылауға көшеді деп сенеміз. 2016 жылдың басында "ұялы құлдық" жойылуы мүмкін", - деп атап өтті П.Кивикко.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024