Алматы. 26-қаңтар. 7kun.kz — Қазақстандық қаржыгер Әнуар Сәйденов Home Credit and Finance Bank-ның тәуелсіз директоры болды, деп хабарлайды LS.
Қазақстандық қор биржасында жарияланған құжатта (KASE) бұл шешім қаржы мекемесінің жалғыз акционері атынан қабылданғандығын көрсетеді. «Әнуар Сәйденовті 2018 жылдың 1 ақпанынан бастап Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор етіп сайланады», - деп хабарлады биржа.
- 1993-1996 жж. - Лондондағы (Ұлыбритания) Еуропалық қайта құру және даму банкінің кеңесшісі.
- 1996-1998 жылдары - Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
- 1998-1999 жж. - Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің атқарушы директоры.
- 1999 жылғы қаңтардан бастап тамызға дейін - Инвестициялық агенттіктің төрағасы.
- 1999-2000 жж. - Қаржы министрінің орынбасары.
- 2000-2002 ж.ж. - Халық банкінің басқарма төрағасының міндетін атқарушы, Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің төрағасы.
-2002-2004 жж. - Ұлттық банк төрағасының орынбасары
- 2004-2009 жж. - Ұлттық банктің төрағасы
- 2009-2011 жылдары - БТА банкінің басқарма төрағасы
- 2013 жылдан бастап - «SB Capital» Қадағалау кеңесінің төрағасы.
- 2016 жылдың сәуір айынан бастап - Халық банкінің Директорлар кеңесінің мүшесі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024