Алматы. 23 сәуір. 7kun.kz — Nur Otan саяси партиясы Қазақстан Президенттігіне кандидатты анықтады. Қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлауда дауысқа түседі. Бұл туралы партияның төрағасы – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін ОСК Президенттікке алғашқы үміткер Садыбек Түгелдің құжаттарды тапсырғанын хабарлаған болатын.
Сондай-ақ, «Ақ жол», «Ауыл» және Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы 24, 25 және 26 сәуір күндері мәжілістер өткізіп, кандидаттарын анықтайды.
Еске сала кетейік, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтеді. Оларды ұйымдастыруға Үкімет резервінен 9,4 млрд теңге бөлінеді.
Президенттікке кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде аяқталады. Сайлау алдындағы үгіт тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін бірден басталады және 8 маусымға дейін жалғасады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024