Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz — Қазақстандағы жалақысы жоғары Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Атырау облысында жұмысшыларға ең көп қажеттелік байқалады. Бұл туралы Energyprom хабарлады.
2019 жылдың басында Қазақстандағы ірі және орта компаниялар қызметкерлерінің тізімдік саны бір жылда 1,5%-ға, 2,4 млн адамға дейін артты. Жыл ішінде 17,3%-ға өсу тұру және тамақтану бойынша қызметтер сегментінде байқалды. Ал көтерме және бөлшек саудада және авто мен мотоциклдерді жөндеуде жұмысшылар саны 11,3%-ға өсті.
Қызметкерлердің саны жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласында, өткен жылмен салыстырғанда 28,7%-ға азайған.
Ең көп бос орындар өнеркәсіп саласында тіркелді, бұл 28,3 мың бос орынның 8,6 мыңын құрады. Өндірістік сектордағы бос орындар саны бір жыл ішінде 19,2%-ға артты.
Сондай-ақ, бос орындардың айтарлықтай өсімі сауда және жөндеу сегментінде байқалды, өсім 2,1 мың адамға дейін 49,1%-ды құрады.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, кадрларға деген қажеттілік «кәсіби мамандар» кәсіби тобында, бұл 6,9 мың адамды құрайды. Олардың үлесі бос орындардың жалпы санының 24,4%-ына тең. «Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да тиісті салалар қызметкерлері» тобына 6,1 мың адам қажет. «Өндірістік жабдықтар операторлары, жинақтаушылар мен жүргізушілер» тобында бос жұмыс орындары 4,2 мың адамды, ал «техник-мамандар және өзге де қосалқы кәсіби қазметкерлер» тобы бойынша — 3,3 мың адамды құрады.
Айта кетейік, ағымдағы жылы жұмысшыларға деген ең үлкен сұраныс Нұр-Сұлтанға тиесілі - 3,4 мың адамды құрайды, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. Алматыға 2,9 мың адам қажет, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,6%-ға кем. Ал Атырау облысында 1,6 мың адам талап етіледі, бұл бір жыл алдыңғы көрсеткіштен 40,7%-ға аз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024