Алматы. 11 қараша. 7kun.kz — Нұр-Сұлтан қаласында жарықсыз қалған бірқатар әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлерге жарық берілді. Бұл туралы қала әкімдігінің сайтында хабарланды.
"Әкімшілік және тұрғын ғимараттарды жарыққа қосты. Барлық 9 көппәтерлі тұрғын үй кешені, сондай-ақ Ақорда, Парламент Сенаты, Мәжіліс, Министрліктер Үйі, Үкімет Үйі, Жоғарғы Сот - электрмен жабдықталды. Сонымен қатар 9 көппәтерлі тұрғын үйдің 9-ы жарықпен қамтылды : "Уют" , "Краун Плаза", "Тұмар" (2 үй), "Арт Хаус" , "Вива плаза" , "Алатау", "На водно-зеленом бульваре", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта "Бәйтерек" монументін, "Изумрудный квартал" бизнес орталығын, "Керуен" , Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат ғимараттарын жарыққа қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Кәбілдік желілерді 15 адамнан тұратын авариялық-қалпына келтіру бригадасы мен 6 арнайы техника қалпына келтірді. Ғимараттарды электрмен жабдықтау өрт сөндіру бригадаларына рұқсат беру кезінде электр тоғымен зақымданудан қауіпсіздік мақсатында ажыратылды.
Айта кетейік, вариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу орнына елорда әкімі Алтай Көлгінов шықты. Қала әкімі апат себебін анықтауды тапсырды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024