
Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz — Нұр-Сұлтан қаласындағы М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театрының директорына ғимаратты жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деп айып тағылды. Бұл туралы Интерфакс хабарлады.
"Нұр-Сұлтанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театры" МКҚК директорына және ұрлыққа қатысы бар басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр",- делінген ақпаратта.
Күдіктілерге орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы театр ғимаратын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына және күрделі жөндеуге бөлінген 400 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған.
Айта кетейік, бұған дейін елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана-Көкше" ЖШС директоры Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының ғимаратын қалпына келтіруге бөлінген 32 млн теңгеден астам теңгені жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025