Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – 24 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында Check Point Software Technologies компаниясының бірінші ауқымды кибер-конференциясы өтеді.
Шара ақпараттық қауіпсіздік, қауіп-қатер ландшафты, қазіргі заманғы технологиялар, дәл қазір болып жатқан және жақын арада күтілетін индустрия трендтері мен өзгерістерге арналады.
Конференция бағдарламасында бірнеше тақырыптар талқыланады:
- компанияның технологиялары мен шешімдері;
- халықаралық сараптама және компаниялар бизнесін қорғаудың көпжылдық тәжірибесі;
- нақты уақыт режимінде тестілеу мүмкіндігімен шешімдерді көрсету;
- шабуылдардың нақты кейстерін талдау және қорғау.
Айта кетейік, шараның басты мақсаты - қатысушыларға коммерциялық компаниялар мен мемлекеттік сектор үшін өзекті қауіп-қатерлерге қарсы тұру мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.
Ұйымдастырушы Check Point Software Technologies Ltd - әлемдегі ең ірі вендор. Компания тек қана желілік киберқауіпсіздікке маманданған. Конференцияға MONT, RRC, MUK Computers компаниялары да қолдау көрсетеді.
Ұйымдастырушылар конференцияға қатысу әртүрлі салалардағы компаниялардың ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі директорларына, IT-директорларға, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшыларына және олардың орынбасарларына қызықты болады деп сендірді.
Айта кетейік, киберқауіпсіздік әлем елдерімен қатар Қазақстан үшін де маңызды тақырыптың бірі. Өйткені әлемде киберқауіп өршіп тұр. Наурыздағы Халықаралық электробайланыс одағының (ITU) рейтингінде Қазақстан киберқауіпсіздік жағынан ТМД елдері ішінде 2-ші, әлемде 40 орында. Базалық тұжырымдамалық тәсілдер әзірленді, бірқатар заңнамалық актілер, «Қазақстанның Киберқалқаны» киберқауіпсіздік тұжырымдамасы, көптеген салалық бұйрықтар әзірленді және бекітілді. Мемлекетпен қатар жеке компаниялар да елдегі киберқауіптің алдын-алып, қауіпсіздікті күшейтуге күш салуда. Биыл да бұл бағытта бірқатар жиындар өтеді. Оның алғашқысы осы кибер-конференция болса, мамыр айының 16 мамырда Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін Cyber & Digital Security 2019 осы тақырыптағы ең ауқымды шара болмақ.
Астана Экономикалық Форумының аясында өтетін форумда Цифрлық мемлекетті қалыптастыру, киберқауіптің алды-алу, заңдарды өзгерту сынды өзекті тақырыптар талқыланады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024