Нұр-Сұлтан. 16 тамыз. 7kun.kz – Елордада намаз уақыты кезінде ұрлық жасаған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Маусымның соңында елордаға келген 22 жастағы мигранттың алты ұрлық жайтына қатысы бар.
«Күдікті жасаған қылмыстарының бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын білмеген. Аталған қылмысқа қатысты бейнетаспалардан оның ұяшықтардан келушілердің сөмкелерін алып, ұрлық жасағанын көруге болады», – делінген ПД хабарламасында.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды. Ол кінәсін мойындды, одан төрт телефон тәркіленді.
Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024