Экономика
Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасы маркетингтік компанияның атын жамылып жұмыс істеген
Нұр-Сұлтан. 22 шілде. 7kun.kz – Елордада «World Business Consulting» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергелуде. Бұл туралы 0Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары түрлі сипаттағы инвестициялық бағдарлама келісімдерін жасап, тұрғындарға ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынғаны анықталды.
«Бұл ұйым өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсеткен», – делінген хабарламада.
ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері жария етілмейді.
Агенттік қазақстандықтарды қырағы болуға және күмәнді қаржы институттарына ақша салмауға шақырды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024