Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды

Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды

Алматы. 27 қаңтар. 7kun.kz — Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның астанасында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Әділет басқармасында тіркеуден өткен ТЖ жарияланды. Алты өңірде ТЖ комиссиясының отырысы дайындалып жатыр. ТЖ-ды жариялаудың себебі - тіршілікті қамтамасыз ету, адамдарды тұрғылықты жеріне және жұмыс орнына уақытында жеткізу, сондай-ақ азық-түлікпен және медициналық қызметтермен қамтамасыз ету мәселесі", - деді Юрий Ильин.

Оның айтуынша, өңірлердегі әкімдіктер өз аумағындағы жағдайға байланысты ТЖ жариялау туралы шешім қабылдайды.

"Ауа райы жағдайын көріп, ТЖ режимі қашан аяқталатынын хабарлайтын боламыз", - деді Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева.

Спикердің сөзінше, жұмыс берушілерге жұмыс кестесін қысқарту ұсынылды.

"Алайда, коммуналдық қызметтер, полицейлер, дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, мектеп және колледж оқушылары үшін бірінші және екінші ауысымның сабақтары тоқтатылды. Сондай - ақ, жоғары оқу орындарының студенттері үшін тоқтатуды ұсынды", - деп түсіндірді ол.

Еске сала кетейік, елордад нашар метеожағдайлар мен көрінудің шектеулі болуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ұшып келуі мен ұшып шығуына арналған барлық рейстер белгісіз уақытқа дейін тоқтатылды.

Похожие материалы