Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz — Нұр-Сұлтанда «3.2.1. Старт!» экофестивалі өтті. Фестивальдің басты оқиғасы - Coca-Cola Icecek Kazakhstan Компаниясының экологиялық жобалар байқауының финалы болды.
Бұл маусымда «3.2.1. Старт!» байқауына еліміздегі қоршаған ортаны жақсарту бойынша 143 ұсыныс келіп түсті. Жас қазақстандықтар пластикті жаңа өнімге қайта өңдеуге арналған қондырғыны жасау, полиэтилен пакеттерден әшекейлер өндіру, пластикалық бөтелкелерден жиһаз шығару, пайдаға асырылған картридждің бояуын киім дизайнында пайдалану, баннерлерді дизайнерлік сөмкелер тігу үшін қайта пайдалану бойынша жобаларды және көптеген басқа идеяларды ұсынды.
Фестивальдің бас демеушісі CCI Kazakhstan болды.
«3.2.1. Старт!» жобасы CCI Kazakhstan үшін ерекше. Біз оны 2017 жылы іске қостық және бүгін байқаудың үшінші маусымын қорытындыладық. Жобаның басты мақсаты – Қазақстан экологиясына күтімді қарауға бағытталған жастардың бастамаларын қолдау. Біз «3.2.1. Старт!» түлектерінің дарынды бастамалары ауқымды жобаларға өсуін және Қазақстан экологиясына қамқорлық танытуға өз үлесін қосуын армандаймыз», - дейді Алима Исембаева.
Шарада пластикті қайта өңдеу бойынша жобасымен 2 млн теңге грантты жеңіп алған Данияр Бакимов айтуынша, «3.2.1. Старт!» - экология мәселелеріне бей-жай қарамайтын жастарға қажетті жоба.
Сондай-ақ фестивальде танымал қазақстандық блогерлер әлеуметтік желілерге арналған сессияда жобаларды интернетте қалай ілгері жылжытуға болатынын талқылады. Қонақтар қазақстандық экоөндірушілердің көрмесінде табысты жобаларман танысып, экоөнімді жасау бойынша шеберлік сыныптарына қатысты. Байқаудың өткен жылдардағы қатысушылары «3.2.1. Старт!» Түлектері клубымен танысып, стартаптарды жүзеге асырудағы ұтыстары мен сәтсіздіктері жайлы әңгімеледі.
Айта кетейік, биыл күзде «3.2.1. Старт!» экологиялық жобалар байқауының төртінші маусымы басталады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024